«Тапсырыс беруші – «Жетісу облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ; атауы - автомобиль жолдарын ұстау бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Жетісу облысы Сарқант ауданындағы облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау (осының ішінде қысқы күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу); саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т942 043 566,79», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 6 қаңтар мен 21 қаңтар аралығында өтеді.
«Сарқан ауданы бойынша облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау (оның ішінде қысқы күтіп ұстау және жөндеу) – 567,3 шақ. Жолдарды және жол жиегін жаңа жауған қардан тазалап шығу – 567,3 шақ. Жолдарға тайғаққа қарсы материал шашу бөлігі жұмыс жоспарына сәйкес. Барлық автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстары барлық уақыт ішінде жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлері жіктелімінің, конкурстық құжаттаманың талаптарына сай және тапсырыс берушінің тапсырма жоспарына сәйкес жүргізіледі», - деп жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: taldykorgan-online.kz