Астана. 11 наурыз. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«11 наурызда Ақмола облысында түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қ.: 11 наурызда жолдарда көктайғақ күтіледі», - делінген хабарда.
11 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Алматы қ.: 11 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі, жолдарда көктайғақ күтіледі. Қонаев қ.: 11 наурызда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.
Астана қ.: 11 наурызда кей уақыттарда қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде және таңертең екпіні 15-18 м/с.
11 наурызда таңертең және күндіз Ұлытау облысының шығысында көктайғақ күтіледі.
Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман. Жезқазған қ.: 11 наурызда кей уақыттарда тұман , көктайғақ күтіледі.
11 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, түнде облыстың шығысында, солтүстігінде екпіні 15 м/с.
11 наурызда Маңғыстау облысының батысында, орталығында тұман күтіледі.
11 наурызда Қостанай облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, тұман күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында түнде екпіні 15-20 м/с.
11 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 11 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
11 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Орал қ.: 11 наурызда тұман күтіледі.
11 наурызда түнде Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: 11 наурызда түнде қар, күндіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ күтіледі.
11 наурызда Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман күтіледі. Қызылорда қ.: 11 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.
11 наурызда түнде Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында қар, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қ.: 11 наурызда қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.
11 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 11 наурызда кей уақытта тұман күтіледі.
11 наурызда Шығыс Қазақстан облысында қар күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: 11 наурызда қар, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-18 м/с.
11 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с.
11 наурызда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.
Сейсенбі күні Қазақстанның бірқатар өңірінде қар, бұрқасын және көктайғақ күтіледі
