Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Астанада, Алматы мен Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңгісін тұман түседі. Оңтүстіктен 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -13-15, күндіз -2-4.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 мс жел тұрады. Ауа температурасы түнде -1+1, күндіз +11+13.
Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +3+5, күндіз +17+19.
Сәрсенбі күні Астанада, Алматы мен Шымкентте күн құбылмалы бұлтты
