Сот Перизат Қайраттың қорын тарату туралы шешім шығарды

Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Астананың мамандандырылған экономикалық соты Перизат Кайраттың Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қорын тарату туралы шешім шығарды, деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.

«Бірлестікті құру кезінде анықталған бұзушылықтарды ескере отырып, сот «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін мәжбүрлі түрде тарату туралы шешім қабылдады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.

Іс материалына сәйкес, осы заңды тұлғаны бастапқы мемлекеттік тіркеу 2021 жылғы 11 қазанда өткізілді.

«Бірлестіктің құрылтайшылары — 10 адам, олардың есімдері Қайрат Перизатты қоса алғанда, құрылтай жиналыстарының хаттамаларында көрсетілген. Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, қорытындысына сәйкес, 10 құрылтайшының 9-ының атынан құрылтай құжаттарына Қайрат Перизат қол қойған», - деп атап өтті сотта.

Хабарда атап өтілгендей, Заңды тұлға Азаматтық кодекстің 49-бабына сәйкес, заңды тұлға оны құру кезінде жіберілген, жойылмайтын сипаттағы заң бұзушылықтарға байланысты жарамсыз деп танылған жағдайда, сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін.

«ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың салық заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес — заңды тұлғаны құруға (қайта тіркеуге) қатысы жоқ заңды тұлғаны басшысын және (немесе) құрылтайшысын (қатысушысын) көрсете отырып тіркеу (қайта тіркеу) заңды тұлғаны тарату (жарамсыз деп тану) үшін негіз болып табылады», - деп түсіндірді сотта.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, Перизат Қайратқа су тасқынынан зардап шеккендер үшін жиналған Т1, 5 млрд-тан астам қаржыны жымқырды деген айып талығуда. ҚазТАГ Қайрат басқарған Қордың көптеген тең құрылтайшылары Amanat партиясынан екенін хабарлады. Қылмыстық іс басталғанда оны Қазақстанның пара үстел теннисі федерациясының президенті қызметінен алып тастағаны белгілі болды. 16 қарашада Қайраттың Палестина тұрғындарына көмектесу үшін жиналған Т200 миллион соманы жымқырғаны туралы хабарланды. Кейін оның Астанада екі айға қамауға алынғаны белгілі болды. 13 желтоқсанда Перизат Қайраттың жылжымайтын және жылжымалы мүлкі соттың санкциясымен тәркіленді деп хабарланды. 18 желтоқсанда БҚО-дағы қорлардың Перизат Қайраттың ісінен кейін тексеріліп-тексерілмейтіні белгілі болды. 20 желтоқсанда ҚазТАГ Перизат Қайраттың анасы да жымқыру ісі бойынша күдікті деп танылғанын хабарлады. 19 ақпанда ҚазТАГ ҚМА Перизат Қайратқа қатысты жаңа қылмыстық істің тіркелгенін хабарлады. Ол мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын ашу үшін аукционмен Т22 млн ақша жинап, оны өзінің жеке қажеттіліктеріне жұмсаған деп күдіктелуде, ал 22 ақпанда жаң қылмыстық істің деректері белгілі болды.

 26 ақпанда Перизат Қайраттың Biz Birgemiz қоры сот арқылы таратылуы мүмкін екені белгілі болды.

adimage