«Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының аумағында қар көшкіні жүрді. Бүгін сағат 06:05-те облыстық маңызы бар «Түрген – Батан» автожолының 22 және 23 шақырымы арасында қар көшкіні жүрді. Көлемі - 200 текше метр»,- делінген хабарламада.
Түрген өзенінің арнасында су еркін өтіп тұр. Көшкін салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Жағдайды бағалау және жолды тазарту үшін Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «Қазселденқорғау» мекемесінің техникасы жіберілді.
Фото көзі: Пресс-служба ДЧС Алматинской области