«Павлодарда электронды темекінің заңсыз айналымы тоқтатылып, полицейлер құны 20 млн теңгеге жуық болатын 4 мыңға жуық вейпті тәркіледі. Тыйым салынған тауар Торайғыров көшесіндегі дүкеннен табылды. Заңсыз тауардың партиясы сатуға арналған»,- делінген хабарламада.
Белгілі болғандай, тыйым салынған электронды темекі сатумен айналысты деген күдікпен 20 жастағы дүкен сатушысы ұсталды.
"Темекіге жатпайтын темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Фото көзі: polisia.kz