«Тапсырыс беруші – «Атырау облысы білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі; атауы - интернетке қолжеткізу бойынша қызметтер; қосымша сипаттамасы - сым желілері бойынша кең жолақты интернетке қол жеткізуді ұсынуға бағытталған қызметтер; саны - бір; өлшем бірлік – бір қызмет; жоспарлы сома - Т2 440 700 000», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 12 наурызда басталып, 18 наурызға дейін жалғасады.
«Өнім беруші тапсырыс берушіге шарт жасалған сәттен бастап 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн кесте бойынша интернет желісіне қол жеткізу қызметтерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жеткізуші келесі бақылау мерзімдеріне сәйкес интернет желісіне қол жеткізу арналарындағы зақымданулар мен нашарлауларды жоюы тиіс: облыс орталықтарында, Атырау қаласында станциялық тараптағы (өнім беруші операторының тікелей басқаруындағы және бақылауындағы жабдық) зақымдарды жою өтінім келіп түскен сәттен бастап бес сағатқа дейінгі бақылау мерзімінде жүргізіледі. Егер зақым қашықтағы ПД торабында орын алған жағдайда, бақылау мерзімі жеткізуші маманның орнына келген уақытына ұзартылуы мүмкін; желілік-кабельдік зақымданулар (жеткізушінің магистральдық және тарату желісі, деректерді беру жүйесі, қалаішілік желі, кросс) өтінім келіп түскеннен кейін 24 сағатқа дейінгі мерзімде жойылуы тиіс», - деп сатып алынатын қызметтердің техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: pixabay.com