«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Жұмыспен қамту бағдарламасы», мың теңге – ҚазТАГ): 2022 жыл - 0; 2023 жыл - 1 557 504,4; 2024 жыл - 4 055 445,2; 2025 жыл - 4 883 006; 2026 жыл - 4 870 508», - деп бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т15 366 463 600.
Бюджеттік бағдарламаның негіздемесі бойынша, шығыстар тұрақты және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру, бизнес-идеяларды іске асыру және еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіп бойынша мамандық алу арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге көзделген.
Мақсаты – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту шеңберіндегі міндеттерді шешу арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, жұмыссыздарды және біліктілігі жоқ адамдарды нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту болып табылады.
«Міндеттер: жұмыссыздық деңгейі 2024 жылы – 4,9%, 2025 жылы – 4,9%, 2026 жылы – 4,9%. Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан кейін жұмысқа орналасу деңгейін арттыру 2024 жылы - 75%, 2025 жылы - 80%, 2026 жылы - 80%. Субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарына орналастырылған адамдардың үлесін ұлғайту 2024 жылы - 65%, 2025 жылы - 70%, 2026 жылы - 70%», - деп жобада жазылған.
Фото көзі: Ашық дереккөз