Қостанайда бутиктер өртенді

Қостанай. 12 наурыз. ҚазТАГ — Қостанай облысында бутиктер өртенді, деп хабарлады төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Бүгін Қостанай облысы Рудный қаласында Корчагин көшесінің бойындағы жеке аумақта екі бутик өртенді», - делінген хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, өрт сөндірушілер лезде 150 ш.м. алаңдағы өртті сөндірген. Ақпар бойынша, зардап шеккендер жоқ, себептері анықталуда.

adimage