Астана. 12 наурыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Астанада, Алматыда және Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«12-19 наурызда Жамбыл облысында ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылыдан 2-7 жылыға дейін, күндіз 10-15 жылыдан 17-22 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 0-5 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 жылыдан 6-11 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде», - делінген хабарда.
12 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 12 наурызда кей уақытта тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
12 наурызда түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың шығысында, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 12 наурызда түнде қар, бұрқасын күтіледі.
12-19 наурызда ауа температурасының түнде 3-8 аяздан, облыстың оңтүстігінде 0 градустан 0-5 жылыға дейін, күндіз 2-7 жылыдан 10-15 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 11-16 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды деп күтіледі
12 наурызда түнде Шығыс Қазақстан облысында қар, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде қар күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 12 наурызда түнде қар, бұрқасын күтіледі.
12-19 наурызда Түркістан облысында ауа температурасы түнде 3-8 жылыдан, солтүстікте, таулы аудандарда 0 градустан, 5-10 жылыға дейін, күндіз 15-20 жылыдан, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында 10 жылыдан, 18-23 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12-19 наурызда Алматы облысында ауа температурасы түнде 2 аяз-3 жылыдан 0-5 жылыға дейін, күндіз 3-8 жылыдан 10-15 жылыға дейін, солтүстікте, облыстың таулы аудандарында түнде 6-11 аяздан 3 аяз-2 жылыға дейін, күндіз 0-5 аяздан 0-5 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12 наурызда түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман. Алматы қ.: 12 наурызда түнде және таңертең кей уақытта әлсіз тұман күтіледі. Қонаев қ.: 12 наурызда түнде және таңертең кей уақытта әлсіз тұман күтіледі. 2025 жылдың 12-14 наурыз аралығында Үлкен және Кіші Алматы су алаптарында қар жамылғысының тұрақсыздығы мен биіктігінің жоғары болуына байланысты қар көшкіні қаупі сақталады.
Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы беткейлерге шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар.
12 наурызда түнде Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Қарағанды қ.: 12 наурызда түнде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең тұман.
12-17 наурызда Маңғыстау облысында ауа температурасы түнде 0-5 жылыдан 5-10 жылыға дейін, күндіз 5-10 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
Астана қ.: 12 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
12 наурызда Ұлытау облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Жезқазған қ.: 12 наурызда тұман, көктайғақ күтіледі.
12-18 наурызда Қызылорда облысында ауа температурасы түнде 0-5 аяздан 2-7 жылыға дейін, күндіз 7-12, облыстың оңтүстігінде 15 жылыдан 15-20 жылыға дейін жоғарылайды деп күтілуде.
12 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 12 наурызда тұман күтіледі.
12 наурызда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Ақтөбе қ.: 12 наурызда туман күтіледі.
12 наурызда Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 12 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
12 наурызда түнде және таңертең Атырау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Атырау қ.: 12 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.
12 наурызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.
12 наурызда Қостанай облысында күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз областың солтүстігінде, батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с. г. Костанай: 12 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
12 наурызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.
Сәрсенбі күні Астанада, Алматыда және Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту күтіледі
