Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, бұрқасын және жел тұрады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: қар жауады, бұрқасын болады. Тек Қазақстанның батысында антициклонның ықпалынан ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел тұрады, тұман түседі, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында көктайғақ болады», - делінген хабарда.
Астанада күн құбылмалы бұлтты, түстен кейін аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан түнде 3-8 м/с жел тұрады, күндіз екпіні 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -19-21, күндіз -8-10.
Алматыда күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. 0-5 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -5-7, күндіз +3+5.
Шымкентте күн аздаған бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел тұрады. Түнде ауа температурасы -2-4, күндіз +5+7.
Ақмола облысында күндіз батысы мен солтүстігінде қар жауады, оңтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады, жаяу сырма соғады, батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы күндіз -7-12 және түнде -19-24.
Ұлытау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -19-24 және күндіз –5-10.
Қарағанды облысында күндіз солтүстігінде аздаған қар жауады және жаяу сырма соғады, батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Ауа температурасы түнде -17-22 және күндіз -7-12.
Батыс Қазақстан облысында түнде солтүстігінде аздаған қар жауады, көктайғақ, күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады. жаяу бұрқасын соғады. Түнде және ертеңгісін солтүстігі мен шығысында аздаған жауын-шашынды, көктайғақ және тұман түседі. Күндіз -3+2, түнде -1-6.
Атырау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0, -5 және күндіз -2+3.
Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0-5 және күндіз +1+6.
Ақтөбе облысында батысында, солтүстігінде және орталығында аздаған қар жауады, батысы мен солтүстігінде тұман түседі және күндіз батысы мен солтүстігінде көктайғақ. Түнде -6-11 және күндіз 0, -5.
Қостанай облысында ертеңгісін және күндіз батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауады, бұрқасын тұрып, оңтүстігінде тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде -15-20 және күндіз -5-10.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады және жаяу сырма соғады, батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде бұрқасын тұрады, оңтүстігінде тұман түседі. Ауа температурасы түнде -13-18, күндіз -5-10.
Павлодар облысында солтүстігінде қар және жаяу бұрқасын соғады. Ауа температурасы түнде -13-18 және күндіз -8-13.
Абай облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -11-16 және күндіз -5-10.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз -5-10 және түнде -15-20.
Қызылорда облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -8-13 және күндіз ауа температурасы 0, -5.
Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -1-6 және күндіз +3+8.
Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Күндіз -3+2, түнде -3-8.
Алматы облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы күндіз 0, +5 және түнде -3-8.
Жетісу облысында жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде -8-13, күндіз -1+4.
«Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерінде су деңгейінің құбылуы байқалады», - деп ескертті синоптиктер.
Қатысты сілтемелер
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
30 Қаңтар 2025, 08:34 -
2024 жылы прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесі 19%-ға жеткен
29 Қаңтар 2025, 16:17 -
Қарағанды-Теміртау су өткізгішін реконструкциялауға Т8,7 млрд жұмсамақ
29 Қаңтар 2025, 15:41 -
Журналист Дана Орманбаеваны халықаралық іздеумен Интерпол айналысып жатыр- Бас прокурор
29 Қаңтар 2025, 15:31