Астана. 11 наурыз. ҚазТАГ – Сейсенбі күні Алматы мен Шымкентте күн бұлтты, Астанада қар жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада қар жауады, 9-14 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін екпіні 15-18 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -5-7 және күндіз -2-4.
Алматыда күн бұлтты. 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +1+3, күндіз +14+16.
Шымкентте күн бұлтты, 5-10 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде +1+3 және күндіз +14+16.
Сейсенбі күні Алматы мен Шымкентте күн бұлтты, Астанада қар жауады
