Петропавлда жылқы етінен жасалған консервіде шошқа етінің ДНҚ-сы табылды

Петропавл. 7 қараша. ҚазТАГ- Петропавлда жылқы етінен жасалған консервіде шошқа етінің ДНҚ-сы табылды, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.

«ГОСТ стандартына сәйкес, жылқы етінен жасалған консервіде тек жылқы еті, май және дәмдеуіштер болуы тиіс. Шошқа етінің ДНҚ-сының табылуы өндіріс технологиясының қатты бұзылуы және өндірушінің адал еместігін көрсетеді», – дейді қоғамдық ұйымның маманы Жанна Биятан.

Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы» қоғамдық ұйымы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығымен бірлесіп Петропавл қаласының дүкендерінен сатып алынған бірнеше жылқы етінен жасалған консерві үлгілерін зерттеу жүргізді. Нәтижесінде кейбір «халал» өнімдерде құрамдас бөліктердің сәйкес келмеуі анықталып, олардың бірінде шошқа етінің ДНҚ-сы табылды.

«Жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижесінде протоколда мақсатты компонентке қатысты үлгіде шошқа етінің ДНҚ-сының туындысы болып табылатын материал табылғаны көрсетілген. Әдетте «халал» мәртебесін алу үшін өнім көптеген сынақтардан өтеді, оның құрамында мұсылмандар үшін тыйым салынған шошқа еті мен оның туындылары болмауы тиіс. Өнімді «халал» деп жариялап, сонымен бірге құрамына шошқа еті қосу – өндірушілердің адал еместігін көрсетеді», – деп айтты құқық қорғаушылар.

Фото көзі: pixabay


adimage