Павлодарда әйел МАЗ көлігінің астына түсіп мерт болды

Павлодар. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Павлодарда әйел МАЗ көлігінің астына түсіп мерт болды, деп хабарлады ҚазТАГ.

«Н.Назарбаев даңғылы бойында 34 нөмірлі үйдің ауласында МАЗ көлігінің жүргізушісі бұрылып жатып, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, бірақ есін жинамастан қаза тапты», - деп хабарлады сейсенбі күні Павлодар облысы полиция департаментінен.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

adimage