Қостанай облысында дала өрті сөндірілді

Қостанай. 11 қазан. ҚазТАГ- Қостанай облысында дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Құтқарушылардың үйлесімді іс-қимылдарының арқасында 10 мың гектар алаңдағы өрттің таралуына жол берілмеді. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ»,- делінген хабарламада.

Алтынсарин ауданында Лихачевка ауылынан 10 км. қашықтықта ашық аумақта құрғақ шөп жанды.

Желдің екпіні 25 м/с дейін күшейгендіктен, Лермонтов орманшылығының орман учаскелеріне өрттің таралу қаупі туындады.

Өрт сөндіру жұмыстарын ТЖМ және орман шаруашылығының қызметкерлері жүргізді. Сондай-ақ, ҚР ҰҚК авиациялық қызметінің су төгу құрылғысы бар тікұшақ тартылды. Авиация 4 рет жалпы көлемі 8 тоннадан астам су төкті.

Фото көзі: Пресс-служба МЧС РК


adimage