Олигарх Тимур Құлыбаев бас прокуратураның активтерді қайтару комитетімен соттасып жатыр

Алматы. 25 қараша. ҚазТАГ- Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы-олигарх Тимур Құлыбаев Бас прокуратураның активтерді қайтару жөніндегі комитетімен соттасып жатыр, деп хабарлады агенттік тілшісі.

"Талапкер: "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының активтерді қайтару комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі. Жауапкер: Құлыбаев Тимур Асқарұлы", - делінген 18 қарашада басталған процесс сипаттамасында.

Іс сотқа берілді және апелляциялық сатыда қаралады, басқа мәліметтер жоқ.

Айта кетейік, бас прокуратура әдетте активтерді қайтаруға қатысты қабылданатын шаралар бойынша егжей-тегжейлі ақпаратты ашпайды, жалпыланған ақпаратпен шектеледі. Комитеттен егжей-тегжейлі ақпаратты алуға тіпті парламент депутаттары да қол жеткізе алмады. Парламент депутаттары активтердің қайтарылу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге және пайда болуы түсініксіз байлықты мемлекет қайтарып алып жатқан тұлғалардың тізімін жариялауға шақырған еді.

adimage