Астана. 11 желтоқсан. ҚазТАГ- Алена Субботина. Назарбаев университетінде 73,5 млрд теңге тиімсіз жоспарланғаны анықталды, деп хабарлады Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов.
«Аудит қорытындысы бойынша университет 73 млрд теңгені тиімсіз жоспарлап, игергені анықталды. Сондай-ақ жарты миллиард теңгенің қаржылық заң бұзу фактісі белгілі болды», - деді Ә.Смайылов.
Оның сөзінше университеттің стратегиялық серіктестерінің тізімінде тауарлар мен қызметтер ұсынатын компаниялардың үлесі басым екені әшкере болған.
«Біріншісі – Назарбаев университетінің әлі күнге дейін бюджет қаражатына тәуелді болып келе жатқаны. Ал оқу орнын дамытудың стратегиялық құжатында университет сыртқы қаражат көздерінің есебінен республикалық бюджет қаржысына тәуелділіктен кету керек болған. Универсиетке беріліп отырған теңдессіз мәртебе мен салық жеңілдіктеріне, қолдау тетіктеріне қарамастан қаражатының 97 пайызын республикалық бюджеттен алып отыр. Тағы бір кемшілігі – қолданыстағы заңнамада университеттің қаржылық есебін жариялауы қарастырылмаған. Бұл университет жұмысының ашықтығына кедергі келтіреді», - деді Әлихан Смайылов.
Қатысты сілтемелер
-
Жетісу бір ауданындағы облыстық автожолдарды күтіп ұстауға Т942 млн жұмсамақ
26 Желтоқсан 2024, 16:49 -
Ұлытауда 2025-2028 жылдар аралығында үш полиция объектісі салынбақ
26 Желтоқсан 2024, 15:46 -
ІІМ айыппұл туралы сұрақтарды осы нормаларды қабылдаған депутаттарға жолдауды ұсынды
26 Желтоқсан 2024, 15:40 -
Астанада мәдени-демалыс жұмысын қолдауға бюджеттен Т77 млрд сұрауда
26 Желтоқсан 2024, 14:28