Астана. 28 қаңтар. ҚазТАГ – Минкабинеті мен әкімдер жұмысының тиімділігін қазақстандықтардың тұрмыс сапасына қарай бағалайтын боламыз, деп мәлімдеді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
«Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп – бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық», - деді Тоқаев сейсенбі күні үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Президент мәлімдегендей, жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталды. Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді.
«Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор. Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз. Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз», - деді Тоқаев.
Қатысты сілтемелер
-
Бейсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі
30 Қаңтар 2025, 08:34 -
2024 жылы прокаттағы қазақ тіліндегі фильмдердің үлесі 19%-ға жеткен
29 Қаңтар 2025, 16:17 -
Қарағанды-Теміртау су өткізгішін реконструкциялауға Т8,7 млрд жұмсамақ
29 Қаңтар 2025, 15:41 -
Журналист Дана Орманбаеваны халықаралық іздеумен Интерпол айналысып жатыр- Бас прокурор
29 Қаңтар 2025, 15:31