Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – Дастан Рыспеков Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Рыспеков Дастан Адайұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды», - делінген хабарда.
2019 жылдың сәуірінен 2020 жылдың ақпанына дейін Рыспеков «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры, сосын 2020 жылдың ақпанынан 2023 жылдың тамызына дейін ҚР мәдениет және спорт министрлігінің туризм индустриясы комитетінің төрағасы, кейін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада автобус паркі автобустарды жууға Т233,5 млн жұмсамақ
20 Желтоқсан 2024, 14:55 -
Алматыда заңсыз есірткі дайындаумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды
20 Желтоқсан 2024, 14:53 -
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті белгілі болды
20 Желтоқсан 2024, 14:31