Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері Қазақстанға келе бастайды

Алматы. 18 қыркүйек.ҚазТАГ- Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу үшін Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері Қазақстанға келе бастайды, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

«Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды пысықтау мақсатында оқу-жаттығу өтетін жерге 18 қыркүйектен бастап Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері аралас тәсілмен келе бастайды»,- делінген хабарламада.

2024 жылғы 26 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Алматы облысының "Жағалау" оқу полигоны базасында ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің "Мызғымас бауырластық-2024" командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған.

«Осыған байланысты, азаматтар мен БАҚ өкілдерінен әлеуметтік желілерде таратылатын қауесеттерге мән бермей, тек ресми ақпарат көздеріне сенуін сұраймыз»,- деді Қорғаныс министрлігі.

adimage