«Тапсырыс беруші – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; атауы - компьютер; қосымша сипаттамасы - моноблок; саны - 1536; өлшем бірлік - дана; жоспарлы сома - Т842 057 149,44», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 27 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.
«Жабдық тапсырыс берушінің электрмен жабдықтау желісіне қосу үшін барлық қажетті сымдармен жабдықталуы тиіс. Әлеуетті өнім беруші конкурстық өтінімге ұсынылатын жабдықтың нақты сипаттамаларын (жинақтауыштардың маркасы мен моделін көрсете отырып) егжей-тегжейлі техникалық ерекшелігін қоса беруге тиіс», - деп сатып алынатын тауарлардың техникалық ерекшелігінде жазылған.
Фото көзі: 2gis.kz