Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыруға және дамытуға жауапты заңды тұлғаны айқындамақ

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыруға және дамытуға жауапты заңды тұлғаны айқындамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Қазақ тілінің ұлттық сөздік қорын қолдап отыруға және дамытуға жауапты заңды тұлға ретінде «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы айқындалсын», - деп ғылым және жоғары білім министрлігінің бұйрық жобасында айтылған.

Авторлардың түсіндіруінше, аталған қоғам ғылыми зерттеулер, білім беру технологиялары мен қосымша білім беру әзірлемелері саласындағы қызметті жүзеге асырады.

Жобаны қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық немесе өзге де жағымсыз теріс салдарға әкеп соқтырмайды және қосымша қаржылық шығындарды талап етпейді

«Мақсаты - ғылыми зерттеулер, білім беру технологиялары мен қосымша білім беру әзірлемелері саласындағы қызметті жүзеге асыру болып табылады», - деп жобада жазылған.

Фото көзі: ҚазТАГ/©Әмір Қасенов


adimage