Қазақстанның компаниялары Еуропа одағының 16-шы санкциялар пакетіне ұшырауы мүмкін

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ- Алена Субботина. Қазақстанның компаниялары Еуропа одағының 16-шы санкциялар пакетіне ұшырауы мүмкін, деп мәлімдеді Еуропа одағының санкция бойынша арнаулы өкілі Дэвид О'Салливан.

«Біз қазір жаңа, 16-шы санкциялар пакетін дайындап жатырмыз. Ол тізімге қазақстандық компаниялар да қосылуы мүмкін, бірақ шешім әлі қабылданған жоқ. Осыған байланысты, тізімге тек санкцияларды бұзу жөніндегі қызметке тартылғаны туралы бұлтартпас дәлелдер бар компаниялар ғана қосылатынын ерекше және тағы да атап өткім келеді», – деді Еуропа одағының санкция бойынша арнаулы өкілі Дэвид О'Салливан.

Дэвид О'Салливанның айтуынша, ЕО ҚР санкцияларға қосылмау ұстанымын толық құрметтейді.

«Біз Қазақстанның санкцияларды қабылдауын талап етпейміз. Ресейдің Қазақстанмен ұзақ жылдар бойы жалғасып келе жатқан заңды сауда қатынастарына араласуға және қандай да бір жолмен бүлдірер ниетіміз жоқ. Алайда бизнестің кейбір жауапсыз өкілдері Қазақстанды санкцияларды айналып өту платформасы ретінде көріп, пайдалана алатыны толғандырады. Осыны пайдаланып, Ресейдің қару-жарағында қолданылатын, ЕО-да өндірілген өнімдерді кейбір компаниялар қайта сатуы мүмкін»,- дейді Еуропа одағының санкция бойынша арнаулы өкілі.

Фото көзі: КазТАГ/@Алена Субботина


adimage