Астана. 5 қаңтар. ҚазТАГ – Қазақстандық Cофия Ақтаева семсерлесуден жасөспірімдер арасындағы әлем кубогы кезеңінде алтын медаль иеленді, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметінен.
«Рапирамен семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшысы София Ақтаева Фуджейра қаласында (БАӘ) өткен жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды», - делінген ххабарда.
Финалда қазақстандық спортшы Қытай елінің өкілі Чжихэ Тэден басым түсті.
«Кездесу 15:13 есебімен аяқталды», - деп хабарлады ҰОК.