Астана. 4 қазан. ҚазТАГ – Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ-ның марапатын иеленді, деп хабарлады Қазақстан қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
«Конго Демократиялық Республикасында әскери қызметшілер – подполковник Алтынбек Жалмұханов пен майор Батыр Тұяқов БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға қосқан үлесі үшін медальдарымен марапатталды», - делінген хабарда.
Салтанатты күні бітімгерлік күштер шеруін басқару БҰҰ миссиясының әскери бақылаушылары бас штабының бастығы подполковник Алтынбек Жалмұхановқа бұйырды. Бұл біздің бітімгерлердің ел беделінің артуына қосқан үлесі.
Марапаттау рәсімінде миссия қолбасшысы генерал-майор Кхар Диуф Алтынбек Жалмұхановтың сіңірген еңбегін атап, оның өңірдегі ахуалды тұрақтандыруға қосқан үлесіне, көшбасшылық қасиеттері мен ісіне адалдығына тоқталып өтті.
Хабарда атап өтілгендей, офицерлер Алтынбек Жалмұханов пен Батыр Тұяқов «Біріккен Ұлттар Ұйымының Конго Демократиялық Республикасындағы тұрақтандыру жөніндегі миссиясы» құрамында қызмет етіп жүр.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада автобус паркі автобустарды жууға Т233,5 млн жұмсамақ
20 Желтоқсан 2024, 14:55 -
Алматыда заңсыз есірткі дайындаумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды
20 Желтоқсан 2024, 14:53 -
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті белгілі болды
20 Желтоқсан 2024, 14:31