Астана. 8 қазан. ҚазТАГ – Қазақстанда жыл басынан бері жанар –жағар май (ЖЖМ) материалдарының заңсыз айналымы туралы 21 қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады қаржылай мониторинг агенттігінің (ҚМА) баспасөз қызметінен.
«Жыл басынан бері 21 қылмыстық іс тіркелді, ал, мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы 3,5 мың тоннаны құраған. Оның құны 900 млн теңгеден асты», - делінген сейсенбі күні шекара маңындағы өңірлерде ЖЖМ-ны елден шығаруға бақылауды күшейту туралы ҚМА ведомствоаралық кездесу қорытындысы бойынша таратылған хабарда.
Жиынға ішкі істер министрлігінің, көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің басшылығы, сонымен қатар энергетика министрлігінің, төтенше жағдайлар министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) шекара қызметінің, қаржы министрлігінің мемлекеттік кіріс комитетінің және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ өкілдері қатысты.
«Қазіргі таңда ЖЖМ «сұр» экспортының күшею қаупі бар, соның ішінде қуаты аз мұнай өңдеу зауыттарында өңделгенінің де. Баға айырмашылығына байланысты ЖЖМ жеңіл автокөліктердің зауытта қондырылған немесе қолдан жасалған бензин бактарында ел аумағынан заңсыз шығарылады. Тек Қазақстан-Қырғыз шекарасында айына осындай тәсілмен 10 мың тоннаға дейін ЖЖМ әкетіледі. Сондай-ақ, жағармай құжаттарына жалған ақпарат енгізіліп, теміржол цистерналарымен тасымалдау фактілері де кездесетіні атап өтілді. Осыған байланысты жедел-профилактикалық іс-шараны өткізу бойынша одан әрі бірлескен шаралар талқыланып, мұнай өнімдерін әкетуге жол бермеу жөніндегі мемлекеттік органдардың іс-қимыл алгоритмі әзірленді», - делінген хабарда.
Ведомствода атап өтілгендей, құқыққорғау және мемлекеттік органдардың өзара тиімді әрекетін жалғастыру үшін жанар-жағар майды елден шығаруға қарсы бірқатар алдын-алу шараларын жүргізу ұсынылды.
«Мұнай өнімдерінің «көлеңкелі» айналымын төмендетуге бағытталған ҚМА жүйелі жұмысының нәтижесінде ЖЖМ-ны заңсыз өндіру, өңдеу және автомобиль және темір жол көліктерімен заңсыз тасымалдау деректері анықталып, тексерілуде», - деді ҚМА.
Қатысты сілтемелер
-
Астанада автобус паркі автобустарды жууға Т233,5 млн жұмсамақ
20 Желтоқсан 2024, 14:55 -
Алматыда заңсыз есірткі дайындаумен айналысқан ерлі-зайыпты ұсталды
20 Желтоқсан 2024, 14:53 -
Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті белгілі болды
20 Желтоқсан 2024, 14:31