«ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары қызметтік иттердің көмегімен есірткі тасымалдаудың 33 дерегін анықтады»,- делінген хабарламада.
Табылған есірткінің жалпы салмағы – 17 келі болды.
• Марихуана/каннабис – 5,2 келі (20 факт);
• Гашиш/гашиш майы – 11,5 келі (11 факт);
• Көкнәр сабаны, тетрагидроканнабинол және тағы басқа синтетикалық есірткі.
Сондай-ақ биыл Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізудің 17 фактісі анықталды.
Анықталған валютаның жалпы сомасы – 529 152 доллар мен 9 500 еуро. Оның ішінде 15 жағдай Алматы қаласында, 2 жағдай Маңғыстау облысында тіркелген.
Айта кетейік, 2023 жылы кинологиялық орталық мамандары есірткі транзитінің 29 фактісін және валютаны заңсыз шығару әрекетінің 18 фактісін анықтаған. Кинологиялық орталықта мемлекеттік кірістер және құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен, сондай-ақ Ауғанстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан және Моңғолиядан келген 1000-нан астам кинологтар оқытылды. Тек соңғы екі жылдың ішінде орталық 60-тан астам кинологиялық бригаданы дайындады.
Фото көзі: Пресс-служба АФМ