Қазақстанда өрт сөндіру деполарын үш-төрт айда салу жоспарланып отыр

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ- Валентина Владимирская. Қазақстанда өрт сөндіру деполарын үш-төрт айда салу жоспарланып отыр, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов.

«Қазақстанда өрт сөндіру деполарын тез тұрғызу әдісі енгізіліп жатыр. Мысалы, Астанада тамыз айында 3,5 айда тұрғызылған жаңа өрт сөндіру бөлімі іске қосылды. Сондай-ақ бұл бастама барлық өңірлерде жүзеге асырылмақ»,- деп Әрінов Үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде 121 өрт депосы жетпейді екен.

Фото көзі: Пресс-служба МЧС РК


adimage