Қазақстанда бір жылда қауіпті 19 ҰҚТ әрекеті тоқтатылды

Астана. 5 қаңтар. ҚазТАГ – 2024 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, деп хабарлады ұлттық қауіпсіздік комитеттінің баспасөз қызметінен.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті трансұлттық және өңірлік қылмыстық топтардан қоғамдық қауіпсіздікке төнген қатерлеріне қарсы тұруға арналған кешенді шараларды іске асырады. 2024 жылы ҰҚК полиция органдарымен бірлесіп, аса қауіпті 19 ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты», - делінген жексенбідегі хабарда.

Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін ұйымдасқан қылмыстық топтың 72 жетекшісі мен белсенді қатысушысы қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

«Жалпы 98 адам кісі өлтіру, тонау, бопсалау және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен ұсталып, оның ішінде шетелдік қылмыскерлердің жетекшілерінің көмекшілері де бар. Олардың 40-ы сотталып, қалғандарымен сотқа дейінгі тергеулер әлі жүргізілуде.Ұйымдасқан қылмыспен күрес бойынша іс-шаралар жалғасуда», - деп хабарлады ҰҚК.

adimage