Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашын, қар және тұман болады деп күтілуде

Астана. 25 желтоқсан. ҚазТАГ- Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашын, қар және тұман болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Солтүстік-батыс циклон ойпатымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер ауа-райының тұрақсыздығын тудырады. Қар жауады, ал республиканың оңтүстік-батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Елдің оңтүстігінде ғана антициклон сілемі негізінен жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды. Республика бойынша жаяу бұрқасын, тұман, екпінді жел, елдің батысында көктайғақ күтіледі»,- делінген хабарламада.

Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының түнде 3-15 аязға дейін, күндіз 6 аяз -5 градус жылуға дейін көтерілуі болжанады , елдің батысында ғана температуралық режимде күрт өзгерістер күтілмейді.

Фото көзі: pixabay.com


adimage