Қазақстанда алдағы үш күнде желдің күшеюі, жаңбыр және үсік болады деп күтілуде

Астана. 18 қыркүйек. ҚазТАГ- Қазақстанда алдағы үш күнде желдің күшеюі, жаңбыр және үсік болады деп күтілуде, деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

«Ағымдағы аптаның соңына дейін кең антициклон Қазақстанның көп бөлігін қамти береді, осыған байланысты ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз сақталады, тек еліміздің оңтүстік бөлігі ғана циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдердің ықпалында болады, жаңбыр, найзағай күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі болжануда»,-делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.

Түнгі және таңертеңгі сағаттарда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі, 19-20 қыркүйекте 2 градусқа дейін үсік болжанады.

Фото көзі: pixabay.com


adimage