Астананың денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатына Т2,1 млрд сұрауда

Астана. 12 қараша. ҚазТАГ – Астананың денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыруға Т2,1 млрд сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Жергілікті деңгейде мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер», мың теңге – ҚазТАГ): 2022 жыл - 482 366; 2023 жыл - 452 826; 2024 жыл - 495 754; 2025 жыл - 339 517; 2026 жыл - 339 517», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т2 109 980 000.

Мақсаты – жүктелген функцияларды барынша тиімді орындауға қол жеткізу үшін басқару аппаратының қызметін қамтамасыз ету.

«Міндеттер: Астана қаласының денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру халықтың денсаулығын қорғау мәселелері жөніндегі бірыңғай ұлттық саясатқа сәйкес қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету», - деп жобада міндеттелген.

Фото көзі: pixabay.com


adimage