Астананы дамытудың бас жоспарын әзірлеуге Т10,3 млрд сұрауда

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Астананы дамытудың бас жоспарын әзірлеуге Т10,3 млрд сұрауда, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Елді мекендерді дамытудың бас жоспарларын әзірлеу», мың теңге – ҚазТАГ): 2022 жыл - 1 741 528; 2023 жыл - 3 025 555; 2024 жыл - 3 814 027; 2025 жыл - 892 949; 2026 жыл - 892 949», - деп бюджет жобасында айтылған.

Жалпы сома – Т10 367 008 000.

Бюджеттiк бағдарламаның негіздемесі Астана қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу үшін қала құрылысын реттеу аумағын сипаттайтын картографиялық, статистикалық және мәтіндік ақпаратты, материалдар мен ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, бастапқы ақпаратты жинау және дайындау, сондай-ақ мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу болып табылады.

«Мақсаты – қала аумағын дамыту жобалары мен егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бойынша қамту жоспарының орындалуын, схемаларды әзірлеуді, республикалық және халықаралық конкурстар, семинарлар, көрмелер өткізу және оларға қатысуды қамтамасыз ету», - деп жобада жазылған.

Фото көзі: pixabay.com


adimage