«Өртті барлау және сөндіру барысында өрт сөндірушілер 2 адамды құтқарды. 1994 жылы туған ер адам және 1993 жылы туған әйел №4 қалалық ауруханаға ессіз күйде жеткізілді. Өкінішке қарай өрт сөндірушілер келгенге дейін 2023 жылы туған бала қайтыс болды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
12 қыркүйекте сағат 23:32-де ТЖД күштері мен құралдарына Жетісу ауданы Ноғайбаев көшесінде жеке тұрғын үйдің отқа оранғаны туралы хабарламаға жіберілді.
Оқиға орнына 23:36 жеткен өрт сөндірушілер ағаштан салынған жеке үйдің шатыры, шаруашылық ғимараты және уақытша салынған үй-жай, барлығы - 200 шаршы метр аумақтың отқа оранғанын анықтаған.
Фото көзі: из открытых источников