Алматыда аса iрi алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Алматы. 20 желтоқсан. ҚазТАГ- Алматыда аса iрi алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды бас прокуратураның баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы аса iрi мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады. Күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктердін нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жолмен 6 жәбірленуші - Алматы тұрғындарының қаражатын иемденіп, оларға жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам залал келтірге»,- делінген жұма күнгі хабарламада.

Одан кейін күдікті жасырынып, соған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған

«Биылғы сәуірде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалған. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған»,- деп нақтылады ведомствода.

Фото көзі: Пресс-служба ГП РК.


adimage