AlinEX сарапшылары Қазақстандағы құрылыстық әрлеу материалдары нарығына баға берді

Алматы. 14 қазан. ҚазТАГ – 2024 жылдың 10 қазанында танымал брендтің 28 жылдығына арналған AlinEX кәсіби құрғақ құрылыс қоспаларының өндірісі бойынша баспасөз мәслихаты және интерактивті ақпараттық тур өтті. Шараға БАҚ өкілдері мен салалық көшбасшылар қатысты.

AlinEX соңғы жылдағы қызметінің нәтижесі мен нарықтағы қазіргі жағдайын таныстырды. Қазақстандағы ҚҚҚ нарығы өңірдегі барынша қарқынды дамып келе жатқан сала болып қалып отыр, соңғы сегіз жылда өндіріс орта есеппен жылына 7-12% өскен, 2023 жылы нарық көлемі Т213 млрд. деп бағалануда. Қазақстанда ҚҚҚ тұтыну жылына бір адамға 90 кг дейін жетті, бұл көрші елдердегі көрсеткіштен 8% жоғары. 2023 жылдың қорытындысы бойынша бренд Қазақстандағы ҚҚҚ нарығының 25% астамын ұстап тұр, сонымен қатар Өзбекстанда да өз қатысымын белсенді арттыруда. Ал Alina Group брендінің ҚҚҚ нарығындағы жалпы үлесі 48%. Қазақстандықтардың 10 пәтерінің сегізіндегі жөндеу жұмыстары AlinEX материалдарымен жасалған.

Брендтің өндірістік қуатының артуы жалғасуда- 2023 жылы Таразда жылдық қуаты 336 мың тонна болатын жаңа зауыт ашылды. Төсемелерді құюдың жаңа автоматтандырылған желісін іске қосу өнімділікті 15%-ға арттыруға мүмкіндік берді, бұл да артып отырған сұранысты қанағаттандыруда маңызды қадам болып табылады.

AlinEX өзінің өндірістік қуатын белсенді дамытуды жалғастырады және ары қарай жаңғырту және зауыттарды автоматтандыру жұмыстарын жалғастыруды, Орталық Азия нарығы үшін жаңа өнімдерді шығаруды, ақырғы тұтынушылар мен жөндеу саласының, құрылыс және әрлеу саласының пайдаланушылары үшін Alina Club мобильді қосымшасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Шараның ресми бөлімі интерактивті пресс-турмен жалғасты, соның барысында журналистерге қоспалар өндірісінің барлық кезеңі таныстырылды. Қонақтар
AlinEX партиясының шығарылымына зауытта тұрып қатысу мүмкіндігіне ие болды.

adimage