«Қазақстанға ұшақ өндірушісі Embraer және CENIPA (Бразилияның әуе апаттарын тергеу және алдын алу орталығының) өкілдері де ұшып келді»,- делінген хабарламада.
Ал Қазақстанда Көлік министрлігі жанынан Авиациялық оқиғаларды тексеру жөніндегі комиссия құрылған. «Азаматтық авиациядағы және эксперименттік авиациядағы әуе кемелерінің оқиғалары мен оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді ұсыну және тергеп-тексеру қағидаларына» сәйкес құрылған бұл комиссия шетелден келген мамандармен бірлесіп, тексеру жүргізеді.
Қазақстанға Әзербайжан Республикасы Азаматтық авиация мемлекеттік агенттігінің делегациясы , сондай-ақ Azerbaijan Airlines (AZAL) авиакомпаниясының өкілдері келді.
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия құрамында көлік министрі Марат Қарабаев, көлік вице-министрі Талғат Ластаев, көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаментінің директоры Нұржан Малаев, азаматтық авиация комитетінің төрайымы Салтанат Томпиева, "Қазаэронавигация" РМК бас директоры Нұржан Ахметов бар.
Еске сала кетейік, 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines ұшағы Ақтау қаласының маңында апатқа ұшырады. Бортта 69 адам болған.
Фото көзі: Пресс-служба МЧС РК