Ақтөбе облысында тұрғын үй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды

Ақтөбе. 13 қыркүйек. ҚазТАГ- Ақтөбе облысында тұрғын үй өртеніп, 60 адам эвакуацияланды, деп хабарлайлды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Құтқарушылар 60 тұрғынды эвакуациялады. Оның ішінде 15 бала бар. Өрт сөндірушілер газ құбырын жедел жауып, өрттің таралуына жол бермеді»,- делінген хабарламада.

Оқиға Хромтау қаласында, Есет батыр көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің пәтерінде болған.

Иілгіш жалғағыш газ шлангінің герметизациясының бұзылуынан табиғи газ жанған.

Фото көзі: пресс-служба МЧС РК


adimage