Ақмола облысының республикалық автожолдарын орташа жөндеуге Т1,9 млрд астам жұмсамақ

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Ақмола облысының республикалық автожолдарын орташа жөндеу жұмыстарына Т1,9 млрд астам қаражат жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ; атауы - работы по среднему ремонту автомобильной дороги («автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Қостанай, Астана-Қарағанды арқылы «РФ шекарасы (Екатеринбургке)-Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана-Теміртау» ақылы учаскесінде орташа жөндеу, шқ асфальтбетон жабынын жөндеу 1291+335-1425+442 шқ (таңдамалы); саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т138 758 226», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Сонымен қатар осы хабарландыруда тағы бір лот сипатталған: республикалық маңызы бар А-1 «Астана-Петропавл» автомобиль жолының 18-230 шқ «Астана-Щучинск» ақылы учаскесін орташа жөндеу. 94-110 шқ (оң жақта,сол жақта) 144-151 (сол жақта) жүріс бөлігіндегі асфальтбетон жабынын жөндеу. 94-110 шқ оң жақта, сол жақта, 144-151 шқ сол жақта; жоспарлы сомасы - Т1 831 625 029.

Екі лот бойынша жалпы, жоспарлы сома Т1 970 383 255 құрайды.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 14 қазанда басталған, 21 қазанға дейін жалғасады.

Фото көзі: vovdi.ru


adimage