№1 қазақстандық борт Қазанға ұшты

Астана. 21 ақпан. ҚазТАГ – №1 қазақстандық борт Қазанға – Ресейдегі Татарстан астанасына ұшты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшатын борттардың қатарына кіретін Airbus A330-243 Prestige ұшағы Татарстан астанасына ұшты, делінген ұшақтар қозғалысын бақылайтын сервис мәліметінде.
Сол сервистің мәліметінше, Қазанға Беларусия президенті Александр Лукашенконың ұшағы да келіп қонған.
Еске салсақ, 20 ақпанда Ақорда Тоқаевтың 21 ақпан күні Қазандағы «Болашақтың ойыны» халықаралық турнирінің ашылу салтанатына қатысу үшін жұмыс сапарымен Ресей Федерациясына баратынын хабарлаған еді.

adimage