Астана. 21 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан журналист Айдос Садықовтың ісін тексеру үшін Украинамен жасалған қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартты пайдалануда, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Кеше Киевте Қазақстан азаматы Садықов Айдосқа қастандық жасалды. Осы қылмыстық істің тексерілу барысын өзіңіздің жеке бақылауыңызға алуыңызды сұраймын. Ал өз тарапынан Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы кінәлілерді қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында аталмыш істі тексеруге барнша көмек көрсетуге дайын. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы мен Украина арасында 2018 жылдың 29 қазанында жасалған қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету туралы шарттың 18 бабына сәйкес біз аталмыш қылмысты ашу үшін мемлекетаралық жедел тергеу тобын құрған жағдайда қазақстандық құқыққорғау органдарының барынша тәжірибелі қызметкерлерін жұмылдыруға дайынбыз», - делінген Қазақстанның бас прокуроры Берік Асыловтың Украина бас прокуроры Андрей Костиннің атына жолдаған хатында.
Хат 19 маусымда, яғни қастандық жасалған күннің ертеңіне жолданған. Бұл құжатты ҚазТАГ агенттігіне редакцияның ресми сауалына жауап ретінде Қазақстанның бас прокуратурасы ұсынды.
Еске салсақ, 18 маусым күні Киевтегі үйінің қасында көлігінде отырған Садықовқа қастандық жасалған болатын. Белгісіз біреу оған тапаншадан оқ атып, қашып кеткен. «Бәсе» оппозициялық жобасының авторының қасында әйелі – жобаның қосалқы авторы Наталья Садықова болған. Ол зардап шекпеген. Кейін белгілі болғандай, журналистке ота жасалған, ол жан сақтау бөлімінде жатыр. 19 маусым күні Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты Тоқаев та пікір білдіріп, аталмыш оқиға бойынша құқыққорғау органдары және дипломатиялық ведомстволар арқылы ресми сауал жолдау тапсырылғанын, сондай-ақ, қажет болатын болса қазақстандық ресми органдар шындықты анықтауға ықпал ету үшін тергеу амалдарына қатысуға дайын екенін атап өтті.
21 маусым күні Айдос Садықовтың жұбайы журналист Наталья Садықова Киевтегі қастандыққа полиция қызметкерінің қатысы бар-мыс деп мәлімдеген еді. Ал Қазақстанның ішкі істер министрлігі журналистке қастандық жасаған деген күдіктінің оларда жұмыс жасайтыны туралы ақпаратты теріске шығарып, аталмыш күдіктінің бес жылдан бері құқыққорғау органы қызметкері болып табылмайтынын айтты.
Кейін мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Тоқаевтың Садықовты өлтірмек болған күдіктілердің мекенжайын анықтауды тапсырғанын хабарлады.
Қатысты сілтемелер
-
Алматы – Ыстықкөл жолы: жаңа бағытты әзірлеу басталады
4 Желтоқсан 2024, 17:25 -
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы $1,2 млрд асты
4 Желтоқсан 2024, 17:14 -
Қазақстанда жыл басынан бері 22 млн астам қорап темекі тәркіленді
4 Желтоқсан 2024, 16:53 -
Қазақстанның кей өңірлерінде бұрқасын, жауын-шашын және көктайғақ күтіледі
4 Желтоқсан 2024, 16:04