Не себепті Қазақстандағы бензин бағасы төмен
Осы ретте энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың қазан айының ортасында берген нарықтағы жағдайға қатысты түсініктемесінде өзге көршілес елдерге қарағанда, атап айтқанда Ресей Өзбекстан, Қырғызстанмен байланыс орнатылғанына қарамастан Қазақстанда дизельді отын мен бензин бағасы төмен деп айтқанын атап өтуге болады.
Бұл қаншалықты шындыққа жанасатынын тексеру үшін автомобиль бензинінің бағасы көрсетілген әлемдік мәліметтерге жүгінген жөн. Рейтингке сәйкес Қазақстан 9- орында тұр, біздегі мұнай бағасы литріне 0,45 долл тұрады. Венесуэла, Иран, Судан, Ангола, Алжир, Кувейт, Нигерия елдерінде жанармай бағасы бізден арзан. Түркменстанды есептемегенде, географиялық көршілеріміз Өзбекстан (0,56$), Қырғызстан (0,62$), Ресей (0,72$) мен Қытайда (1,04$) – бензин бізге қарағанда қымбат.
Оның өз себебі бар. ҚР ҰЭМ Статистика комитетінің мәліметіне сәйкес, 2013 жылы Қазақстанда 2,7 млн тонна жанармай (оның ішінде авиациялық отын да бар) 5,1 млн тонна сұйытылған газ (дизельді отын), сәйкесінше 2014 жылы – 3 млн тонна және 5 млн тонна, 2015 жылы – 2,9 млн тонна және 4,5 млн тонна, 2016 жылы – 2,9 млн тонна және 4,7 млн тонна, 2017 жылы – 3,1 млн тонна және 4,4 млн тонна, 2018 жылы – 4 млн тонна және 4,7 млн тонна, ал 2019 жылдың қаңтар-сәуір аралығында сәйкесінше – 1,222 млн тонна және 1,565 млн тонна өндірілді.
Дерек көзіне сүйенсек өсім айқын байқалады. Егер 2016 жылдың қаңтарында Қазақстан 150 мың тоннадан сәл көп өндірсе, 2018 жылдың шілде айында бұл көрсеткіш 350 мың тоннадан артық. Ал, 2019 жылдың тамызы мен қыркүйегінде 450 мың тоннадан асты. Оның үстіне дизельді отынның 97% және жанармайдың 99% Павлодар, Атырау және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарында өндірілген.
Алайда бұл осымен бітті дегенді білдірмейді
Жақын жылдары мұнайдан ашық түсті өнімдерді өндіру арта түседі. Бүгінде шағын мұнай өңдеу зауытының бірқатарын 2020 жылы іске қосу жоспарланған. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысында және Түркістан мен Қарағанды облыстарында мұнай өңдеу зауыттары іске қосылады. Ал олардың қуаттылығы жылына 750 мыңнан 1 млн тоннаға дейін деп көрсетілгенін ескеретін болсақ, Қазақстанда жақын жылдары жанармай шамадын тыс көп болады.
Өндіріс артқан жағдайда нарықтағы ұсыныс көлемінің артуына таңқалудың қажеті жоқ. Бастысы заңды экспортты жолға қою керек. Контрабанданың әсерінен елімізде тапшылық орын алуы мүмкін.
Өнім көп, алайда экспорт төмен
Нарықта шамадан тыс көп тауар болған және Қазақстан Ресеймен келіссөз жүргізу арқылы көрші нарықтарға ашық өнімдерді экспорттау міндетінен арылған жағдайда тойыну басталады. Бұл жағдайда тұрақты экспорттық жеткізілімдерді жолға қою керек, бұл ішкі нарықты тұрақтандыруға мүмкіндік береді.Осы ретте, Энергетика министрлігінің өкілдері Еуропа, Қырғызстан, Өзбекстан мен Қытай елдеріне мұнай жеткізу бойынша үлкен жоспарлармен бөлісуді қоймайды, алайда нақты келісім әлі жоқ. Тіпті Беларусияның өзі елдегі қуаттылықтарын іске қосу үшін қазақстандық мұнайды импорттауға дайын екенін жеткізді. Ал ресейлік нарықта Қазақстансыз да жеткізушілер жеткілікті.
Экономист Петр Своик салалық ведомствоның айтқанымен келіспей отыр. Оның есептеуінше Қазақстанда Ресейден басқа экспорттайтын шынайы нарық жоқ.
«Басқа жеткізетін нарық жоқ. Қырғыздарға бұрыннан жеткізіп келеміз, оның үстіне олар өздеріне МӨЗ салып алды. Өзбекстанға аса қатты кіре алмайсың. Осы ретте Ресейден басқа ел жоқ деуге тура келеді. Алайда Ресейдің өзінде тауар көп және бәсекелестік жоғары», - деп есептейді сарапшы.
Бүгінде экспорттық жеткізілім көлемі мен ішкі нарықтағы тауар көлемінде айтарлықтай айырмашылық бар. Энергетика министрінің орынбасары Махамбет Досмұхамбетов 2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларына 500-600 мың тонна жоспарланған деп хабарлаған болатын. Алайда дәл осы уақыт аралығында бензиннің 32,6 мың тоннасы ғана экспортталды.
Қазақстан мен Ресейдегі бензиннің бағасы арасында айырмашылық бар
Не себепті Алматыдағы ЖЖБ-да АИ-92 бензинінің 1 литрі 145-146 теңге, ал benzin-price.ru мәліметі бойынша Мәскеуде оның бағасы 38,90 –нан 44,16 рубльге дейін немесе 230-260 теңге аралығында деген сұрақ барлығын мазалайды.
Жасыратыны жоқ бензиннің бағасына төрт фактор әсер етеді: мұнай бағасы, қайта өңдеу құны, тасымалдау және салық құрамы. Қазақстан мен Ресейдегі өңдеу мен тасымалдау құны пара пар екенін және олардың әлемдік мұнай бағасына еш әсер ете алмайтынын ескерсек, соңғы фактор салық құны қалады.
Қазақстандық мұнай газ нарығының сарапшысы Сергей Смирнов ҚазТАГ-қа берген жауабында атап өткендей, Ресейдегі бензиннің өзіндік құнының шамамен 7% шикі мұнай бағасын және 50% -дан астамы салықты құрайды.
«Ресейге қарағанда Қазақстанда жағдай керісінше, бензиннің өзіндік құнының шамамен 50% жуығы шикі шикі мұнайға және 15% -дан салыққа келеді», - деп атап өтті Смирнов.
Экономист Своик Ресейде көлікке құйылған бензин құнының жартысынан көбі бюджетке кететінін растап отыр.
«Ал бізде жанармай салығы бірнеше есе төмен, бензинде арзан – қазыналық тұрғыда арзан», - деп толықтырды Своик.
Оның үстіне екі елдің мұнайды қайта өңдеу саласында айтарлықтай айырмашылық бар.
Сарапшының айтуынша, Ресейде интеграцияланған компаниялар сақталған, олар ұңғынамадан жанармай бекетіне дейін қағидасымен жұмыс істейді.
«Біздегі үш (қазақстандық – ҚазТАГ) МӨЗ интеграциядан шығарылған. Мұнай өндіру бөлек, мұнайды жеткізу бөлек жүзеге асырылады. Оның үстіне жеткізу барлық ірі МӨЗ-де қарастырылмаған. Сондықтан да бірде бір америкалық, еуропалық, я болмаса қытайлықтар біздің МӨЗ-ді қамтамасыз етпегені үшін жауап бермейді. Зауыттар мұнайды екінші жеткізушілерден іздеуге тура келеді. Қазақтандағы бірде бір МӨЗ-де көтерме және бөлшек сауда үшін жеке жеткізу терминалы жоқ», - деп атап көрсетті Своик.
Кремльдің басты міндеті әлемдік экономикаға интеграциялану үшін бензиннің көтерме бағасын әлемдік бағамен теңестіру, ал Ақорданың алдында ондай міндет жоқ.
Қазақстан жанармай контрабандасынан арыла ала ма?
Қазақстан бірнеше жыл бұрын көтерме бағаны бекіту тәжірибесінен бас тартып, еркін нарыққа ауысқаннан кейін биліктің нарыққа әсер ететін жалғыз құралы ретінде – акциз қалды. Ал Ресеймен салыстырғанда оның бензиннің өзіндік құрамындағы үлесі аз болғандықтан билік алдында люфт жеткілікті.
2020 жылдың қарсаңында бензиннің төмен бағасы мен басқарусыз контрабанда жағдайында Қазақстанның алдында көрші нарықтарға артық жанармайдың көлеңкелі ағымын барынша азайту проблемасы тұр. Өткен жылы Ресейдің нарығынан бензинді импорттауға салынған тыйым долбар болып табылады, себебі ішкі нарықтағы бензин жеткілікті көлемде. Ал Қазақстаннан дизелді отынды экспорттауға қойылған тыйым жұмыс істемей тұр – дизель бағасы жоғары нарықтарға кетуде.
Қазақстандағы дизельді отынның көтерме бағасы көршілес елдермен салыстырғанда төмен екенін дәлелдеу үшін GlobalPetrolPrices.com порталының мәліметтерін келтіру жеткілікті. Қазақстанда дизельді отынның бір литрі 0,5 доллар және ол 14 орында тұр. Салыстыру үшін: Өзбекстанда дизельді отынның литрі 0,57 доллар, Қырғызстанда - 0,66 доллар, Ресейде – 0,73 доллар және Қытайда - 0,91 доллар. Арзан дизельді отын тек Түрікменстанда (0,39 доллар), бұл ел бұған дейін де кейін де Қазақстан үшін өнімді өткізу нарығы ретінде қарастырылмаған.
Дизельді отынның бағасына әсер ету ретінде акциздерді көтеру мәселесі қарастырылып келеді, әрі акциздерді көтерудің бірнеше нұсқасы бар.
Алғашында шындыққа жанасатын нұсқаларын қарастырып көрейік. Бұған дейін Энергетика министрлігінен хабарлағандай, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тоннасы үшін акциз 8 теңгеден 10 теңгеге дейін өседі. Бұл өсім контрабанданы азайту үшін жасалып отыр деп түсіндіру жеткіліксіз болады. Тым аз көтеру. Бұл ретте мына бір түсініктеме шындыққа жанасады. 2019 жылы әлеуметтік қамтамасыз ету және әлеуметтік көмек бойынша шығындар көлемі 674 млрд теңгеге өсіп, 3,3 трлн теңгені құрады. Осы шығындардың барлығының орнын толтыру керек, бензин акцизін көтеру осының бір жолы.
Контрабандаға келетін болсақ, Қазақстанның ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтың пайымынша акциз 2 теңгеге көтерілгеннен кейін бензин максимум 10 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Бұл ретте бензин бағасының 7-8% қымбаттауын болжап отырған Смирнов та министрмен келісіп отыр.
«Бензин бағасына қатысты Қазақстан мен көрші елдер арасындағы айырмашылық айтарлықтай өзгермейді және контрабанда сақталып қалады», - деген сенімде сарапшы.
Ал енді шындыққа жанаспайтын сцерарийлерге тоқталсақ. Қазақстандағы жанармайдың көтерме бағасын Ресеймен теңестіру және әлемдік нарыққа интеграциялану мақсатында акцизді 2 теңгеге емес 13-14 есе көтеру керек. Бүгінде орташа еуропалық баға жанармайдың литрі үшін 617 теңгені құрайды. Бұл қазақстандық бағадан төрт есе жоғары. Қазақстанда бұл шындыққа жанаспайтын сценарийді жүзеге асыру үшін халықтың өмір сүру деңгейі, орташа табысы сай емес.
2025 жылға қарай Қазақстан жанармай бағасын ресейлік бағамен теңестіру керек.
Жасалған келісімге сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың мүше елдері 2025 жылы жанармай бағасын өзара теңестіруі тиіс. Оның ішінде Қазақстанда бар.
Бұл туралы энергетика министрі Қанат Бозымбаев та айтқан болатын, оның пайымынша уақыт өте келе Қазастандағы ЖЖМ бағасы Ресеймен бірдей болады.
«Біз одан (жол – КазТАГ) өтуге мәжбүр боламыз. Бұл бағаны көршілес елдермен кезең-кезеңімен жақындастыру. Тек бензин бойынша РФ мен біздің арамыздағы алшақтық литрі үшін 100 теңгеден көп. Кез келген шектеу шекарада сыбайлас жемқорлықты тудыратын болады», - деді энергетика министрі.
Онымен Смирнов та келісіп отыр.
«Географиялық көршілеріне қарағанда Қазақстандағы арзан бензин жағдайы ұзаққа созыла алмайды. Оның үстіне Қазақстанның 2025 жылға қарай бірыңғай жанармай нарығын қалыптастыру туралы ЕАЭО-мен келісімі бар. Бұл нарық жұмыс істеуі үшін одақтың барлық елдерінде баға шамамен бірдей болуы шарт. Сондықтан да Қазақстан бағаны ресейлік бағамен теңестіруі керек болады», - деп атап өтті ол.
Салыстыру арқылы шындыққа қол жеткізуге болады
Қазақстандық билік қай елде адамдар бай тұрады деген дауда Қазақстандағы бүгінгі төмен бензин бағасын дәлел ретінде келтіруден бас тарта алмады. Алайда бұл дәлел бола алмайды.
Смирнов атап өткендей, халықтың орташа табысын ескеру керек.
«Дұрысы сол орташа жалақыға қанша жанармай сатып алуға болатынын есептеген жөн», - деп түсіндірді сарапшы.
Статистика комитетінің мәліметіне сенетін болсақ, 2013 жылы қазақстандықтар орташа жалақыға 2019 жылмен салыстырғанда аз жанармай сатып ала алатын болған. 2013 жылы орташа жалақы 137 043 теңгені құрады, ал АИ-92 маркалы бензиннің литрі 110-112 аралығында болды. 2019 жылдың ІІІ тоқсанында орташа жалақы 191 100 теңге және АИ-92 маркалы бензиннің литрі 145-146 теңге аралығында болды. Егер 2013 жылы Қазақстан азаматы 1246 литр жанармай сатып ала алса, бүгінде бұл көрсеткіш шамамен 1318 литрді құрап отыр.
Орташа жалақы бойынша ресми мәліметтер шынайы өмірді білдіре бермейді. ҚР Ұлттық банкінің жүргізген сауалнамасына сәйкес, халықтың басым бөлігі айына бір отбасына 100-150 мың теңге аралығында табыс табады. Табысы 100 мың теңгеден аспайтындар сәл аз. Ал, бай қазақстандықтарға, яғни айына 300 мың теңгеден көп табыс табатындар саны еліміз бойынша 7,5% құрады. 150 мың теңгені негіз ретінде алатын болсақ, бұл ақшаға 1034 литрден сәл көп бензин алуға болады.
Алайда қазақстандықтар ресейліктерге қарағанда көбірек жанармай сатып ала алады. Ресейде ресми мәліметтерге сәйкес (әдейі көтерілген болуы мүмкін – ҚазТАГ) орташа жалақы 47,657 мың рубльді, АИ-92 маркалы бензиннің литрі орташа есеппен 45 рубльді құрады. Демек ресейлік орташа жалақыға 1059 литр бензин сатып ала алады. Статистика комитетінің мәліметі және Ұлттық банктің сауалнамасының қорытындысына сәйкес қазақстандық бұдан да көп бензин сатып ала алады. Дегенменде Ресейде танымал бензиннің бағасы бізге қарағанда 100 теңгеге қымбат екенін ескерген жөн.
ҚР Ұлттық банкі жүргізген сауалнамаға сәйкес аса маңыздың жайттардың бірі Қазақстан халқының 80%-да «қара күндерге» сақтап қойған жинағы жоқ.
Бұл саяси мәселе, шешімі де жоқ емес
2020 жылдың басында бензин бағасы көтерілуі мүмкін деген әңгімелер жүріп жатқанда қазақстандықтардың жинағы туралы шындық шешуші роль атқарады.
Ресми түрде ғана биліктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаевтан кейін билікке келген Қасым Жомарт Тоқаевтың қолы байлаулы және ол ауада қалыптап жүр деуге болады. Осындай жағдайда акциздерді күрт көтеру тым күдікті тәуекел.
Өз кезегінде үкімет немесе салалық ведомство болсын Назарбаевтың да және Тоқаевтың тұсында да өз бетінше контрабанданың жолын кесу үшін ешқандай шара қолға алмады, ештеме көтермеді. Олар үшін екі оттың (Тоқаев - Назарбаев) ортасында қалғаннан гөрі «жұмған ауыздарын ашпай, тыныш отырған» абзал.
Осы ретте шындыққа жанасатын сцераний БАҚ арқылы акциз бағасының 8 теңгеден 10 теңгеге дейін көтерілетінін насихаттау. Бұл Назарбаевтың бастамасымен Тоқаевтың қолдауын тауып, мембюджетке бекітілген жәрдемақы үшін тағы бір қаражат көзін құруға мүмкіндік береді.
Гамбург есебі бойынша, үшінші тарапты басты рөлде Энтони Хопкинс сомдаған әлемге әйгілі триллердегі қошақан ретінде қарастыруға болады. Қашадағы жағдай нашарлағанда алғашында жалғыз бір айқайды естуге болады, кейінірек ол жаппай ашуға айналуы мүмкін.
2020 жылы билік акцизді көтеруге тәуекел етіп, жанармайдың көтерме бағасын көтеретін болса, онда ол бүтін бір қашаны өртеп жіберетін ұшқынға себеп болуы мүмкін. ХХІ ғасырдың игілігін көріп үлгерген «қошақандар» өзінің аталары сияқты шаруашылыққа немесе айырбас жасауға қайта оралмайды, мағынасы жоқ.