Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде

Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ – Жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.

"Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен ҚР басым бөлімінда қар жауады. Республика бойынша тұман, еліміздің оңтүстігінде, орталығында- көктайғақ, солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жел күшейеді, бұрқасын соғады. Түнде Маңғыстау облысының батысында, оңттүстігінде қалың қар жауады», - делінген хабарламада.

Астанада күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кейде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік- батыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -18-20, күндіз -6-8.

Алматыда күн құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар). Кейде тұман түседі, жолдарда көктайғақ. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел тұрады. Ауа температурасы түнде -6-8, күндіз 0+2.

Шымкентте күн құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және ертеңггісін тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 3-8 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -4-6, күндіз +6+8.

Ақмола облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -18-23, күндіз -4-9.

Ұлытау облысында батысында қар жауады. Түнде -12-17 және күндіз ауа температурасы -4-9.

Қарағанды облысында жауын-шашынсыз. Күндіз ауа температурасы -6-11.

Батыс Қазақстан облысында батысында, солтүстігі мен шығысында қар жауады, күндіз батысы мен оңтүстігінде қар жауады. Ауа температурасы түнде -11-16 және күндіз -3-8.

Атырау облысында қар жауады. Ауа температурасы түнде -11-16, күндіз -3-8.

Маңғыстау облысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -6-11, күндіз 0-5.



Ақтөбе облысында түнде солтүстігінде, оңтүстігі мемн оорталығында, күндіз оңтүстігі мен орталығында қар жауады. Түнде ауа температурасы -10-15, күндіз -4-9.

Қостанай облысында жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы -16-21, күндіз -5-10.

Солтүстік Қазақстан облысында солтүстігі мен шығысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -11-16, күндіз -5-10.

Павлодар облысында солтүстігі мен шығысында қар жауады. Түнде ауа температурасы -13-18, күндіз -5-10.

Абай облысында жауын-шашынсыз. Түнде -15-20 және күндіз ауа температурасы -5-10.

Шығыс Қазақстан облысында қар жауады. Түнде -13-18 және күндіз ауа температурасы -3-8.

Қызылорда облысында солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында күндіз қар жауады, түнде қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0+5, түнде -5-10.

Түркістан облысында ертеңгісін және күндіз тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз +3+8, түнде -1-6.

Жамбыл облысында тауларында түнде қар жауады, күндіз оңтүстігі мен шығысында тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз 0+5, түнде -3-8.

Алматы облысында түнде оңтүстігінде ұқар жауады, күндіз оңттүстігінде тауларында қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз -2+3, түнде -3-8.

Жетісу облысында тауларында қар жауады. Күндіз -3+2, түнде -3-8.

"Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігіндегі, оңтүстік- шығысындағы және шығысындағы таулы өзендерінде судың ауытқуы байқалады. Жазықтықтағы өзендерде қысқы салқын сақталады", - деп ескертті синоптиктер.

adimage