«Бюджеттiк бағдарламаның шығыстары, толық («Әкімдерді сайлауды қамтамасыз ету және өткізу», мың теңге – ҚазТАГ): 2023 жыл - 652 924; 2024 жыл - 753 214; 2025 жыл - 753 214; 2026 жыл - 700 384; 2027 жыл - 700 384», - деп облыс әкімінің аппаратының бюджет жобасында айтылған.
Жалпы сома – Т3 560 120 000.
Бюджеттік бағдарламаның сипаттамасы бойынша, шығыстар сайлауды материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сайлау комиссиялары мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу, кандидаттардың шығыстары және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерін сайлауды, аудандар, облыстық маңызы бар қалалар әкімдерін сайлауды өткізуге байланысты басқа да шығыстарға бағытталған.
Мақсаты – әкімдерді сайлауды өткізуді ұйымдастыру.
Фото көзі: ҚазТАГ/©Әмір Қасенов