Шарлапаев Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды

Астана. 28 ақпан. ҚазТАГ – Шарлапаев Қазақстан президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.

«Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын», - делінген хабарда.

Шарлапаев 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды. Бұған дейін, 2022 жылдың ақпан айынан бастап "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарса, 2020 жылдан бастап "Сити" инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс және Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры лауазымын атқарған.

adimage