Қызылордада қалалық емхана қаржылық лизингке Т7 млрд астам қаражат төлемек

Астана. 30 мамыр. ҚазТАГ – Қызылордада қалалық емхана қаржылық лизингке Т7 млрд астам қаражат төлемек, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.
«Тапсырыс беруші – Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «№1 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны; атауы - қаржылық лизинг бойынша қызмет көрсетулер; қосымша сипаттамасы - услуги финансового лизинга («қаржылық лизинг қызметтері» - ҚазТАГ, қазақша лотта қосымша атауы орыс тілінде жазылған); саны - бір; өлшем бірлік - бір қызмет; жоспарлы сома - Т7 046 500 000», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.
Конкурсқа өтінімдерді қабылдау 29 мамырда басталған, 5 маусымда аяқталады.

Фото көзі: pixabay.com


adimage