Қазақстанда туристерге арналған қауіпсіздіктің жаңа жүйесі енгізілді

Астана. 5 ақпан. ҚазТАГ — Қазақстанда туристерге арналған қауіпсіздіктің жаңа жүйесі енгізілді, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсынан.

«Енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электрондық көп тілді SafeTravel.kz порталына нұсқайтын QR-коды бар арнайы карточка беріледі», - делінген хабарда.

Хабарда атап өтілгендей, порталда туристердің Қазақстанда қауіпсіз жүріп-тұруына қажетті ақпарат пен ұсынымдар, сондай-ақ пайдалы мобильді қосымшаларды жүктеуге сілтемелер көрсетілген.

Ақпар бойынша, QR-коды бар алғашқы карточкалар елорданың халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарға тапсырыла бастады.

adimage