Қызылорда облысында антенна-діңгектерінің құрылысына Т965 млн жұмсамақ

Қызылорда. 22 қараша. ҚазТАГ – Қызылорда облысында антенна-діңгектерінің құрылысына Т965 млн жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ; атауы - байланыс желілерінің құрылысы және төсеу бойынша жұмыстар; қосымша сипаттамасы - Қызылорда облысы, Сырдария ауданының, «Қызылорда-Жезқазған» (А-17) 39 шақырым автожолы бойында орналасқан антенна-діңгектері құрылысы; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т965 232 829», - деп мелекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 22 қарашада басталып, 7 желтоқсанда аяқталады.

«Құрылыс-монтаждау жұмыстары жобалау-сметалық құжаттамаға және құрылыс нормаларына сәйкес жүргізілуі тиіс. Мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттың 8.8- тармағына сәйкес, тапсырыс берушімен келісілмеген қосалқы мердігерлер тартылған жағдайда, сондай-ақ жұмыс көлемінің екіден бірінен көбін қосалқы мердігерге берген кезде тапсырыс беруші растайтын құжаттарды қоса бере отырып, бір жақты тәртіппен шартты бұзуға құқылы», - деп сатып алынатын жұмыстың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: setinoid.ru


adimage