Ақмола облысындағы республикалық автожолдың учаскесін орташа жөндеуге Т6,9 млрд жұмсамақ

Көкшетау. 22 қараша. ҚазТАГ – Ақмола облысындағы республикалық автожолдың учаскесін орташа жөндеуге Т6,9 млрд жұмсамақ, деп хабарлайды агенттіктің тілшісі.

«Тапсырыс беруші – «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ; атауы - работы по среднему ремонту автомобильной дороги («автомобиль жолдарын орташа жөндеу жұмыстары», қазақ тіліндегі хабарландыруда лоттың атауы орыс тілінде жазылған – ҚазТАГ); қосымша сипаттамасы - Р-6 «Макинск - Ақсу – Торғай» республикалык маңызы бар автомобиль жолы 175-240 шақырымына орташа жөндеу; саны - бір; өлшем бірлік - жұмыс; жоспарлы сома - Т6 973 501 676», - деп мемлекеттік сатып алу порталындағы лот сипаттамасында айтылған.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі 20 қарашада басталған, 26 қарашаға дейін жалғасады.

«Р-6 «Макинск-Аксу-Торгай» 175-240 шқ (ұзындығы 65 шқ) республикалық маңызы бар автожолдар желісіне жатқызылған, әкімшілік жоспарда автожол Ақмола облысының аумағында орналасқан. Қолданыстағы автомобиль жолы III техникалық санаттағы республикалық маңызы бар жол болып табылады. Асфальтбетон жабынының ені - 7 м; жол жиегінің ені – 2,5 м; жабын түрі - асфальтбетон. Орындалған жұмыстарға кепілдік мерзімі объектіні қабылдау актісіне қол қойылған күннен бастап- 24 ай», - деп жұмыстардың техникалық ерекшелігінде жазылған.

Фото көзі: gov.kz


adimage