"Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай шараларды ұйымдастыруға міндетті: 1) шақыру комиссияларының жұмысын және 2025 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ 18 бен 27 жас аралығындағы 42098 ер азаматтың шақырылуын қамтамасыз ету; 2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шақыру учаскелерін медициналық қамтамасыз ету", - делінген Тоқаевтың жарлығын жүзеге асыру туралы үкімет қаулысында.
Ішкі істер министрлігіне мерзімді әскери қызметшілерді жинап, әскерге жіберу орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастыру тапсырылды.
" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметшілерді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін", - делінген құжатта.
Естеріңізге сала кетейік, Тоқаев 13 ақпанда мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Фото көзі: Ақорданың баспасөз қызметі